Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 4/23-VIII шешімі
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176223 нөмірімен тіркелген, 2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 104 304 092 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 18 295 477 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 610 378 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 831 003 мың теңге;
трансферттер түсiмі – 58 567 234 мың теңге;
2) шығындар – 82 200 113 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 287 157 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 287 157 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы – 21 816 822 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – - 21 816 822 мың теңге:
қарыздар түсімі – 2 000 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 23 924 621 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 107 799 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | Ғ.А. Сарсенбаев |
Түркістан қалалық мәслихатының
2023 жылғы 19 шілдедегі
№ 4/23-VIІІ шешіміне 1 қосымша
Түркістан қалалық мәслихатының