Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘР...

Информация о документе
Датапонедельник, 28 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 28 декабря 2015

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1103 қаулысына 1-қосымша

 

 

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

 

1. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі — жәрдемақы) мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақы мөлшері мен оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткішті бөлек қолдану арқылы жүргізіледі және алынған сомалар қосылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом