«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 88 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесінде (бұдан әрі - әдістеме):
Әдістеменің мазмұны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ» деген тарауда «Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 (1-6) жастағы балалардың үлесі» деген индикаторда «Есептеу формуласы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Есептеу формуласы | H = G ÷ F × 100%, мұндағы: H - мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды сыныптармен қамтылған 3-6 (1-6) жастағы балалардың үлесі (түзетілген таза қамту), G - мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды сыныптармен қамтылған 3-6 (1-6) жастағы балалардың саны, F - мектепке дейінгі ұйымдармен, мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 3-тен 6 (1-6) жасқа дейінгі балалар және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын және бір уақытта кезекте тіркелген балаларды және мектеп жасына жеткен соң мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын балаларды есепке алмай кезекте тіркелген балалар саны |
»;