Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 666 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 666 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі