ҚР СТ 3200-2018
Тоқылған тығыздама толтырудан жасалған сақиналар
жиынтығы
Техникалық шарттар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Техникалық талаптар
5. Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары
6. Қабылдау ережесі
7. Бақылау әдістері
8. Таңбалау
9. Буып-түю
10. Тасымалдау және сақтау
11. Дайындаушының кепілдігі
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт графитті, көміртекті, фторпласты, арамидті және сәйкес материалдан есілген жіпті тоқу немесе ширату әдісімен жасалған жоғарыда аталған материалдан алынған тығыздалып тоқылған толтырмадан жасалған сақиналар жиынтығына (бұдан әрі сақиналар жиынтығы) таралады.
Сақиналар жиынтығы тиекті-реттеу арқауының, тығыздама камерасының, сорғының (ортадан тепкіш, тығынжылды), автоклавтар мен химия, энергетика, авиация, мұнай шығару, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі салаларындағы, коммуналдық шаруашылықтағы және мелиорация және т.б. басқа да жабдықтардың түйіндерін тығыздауға арналған. Сақиналар жиынтығын пайдалану шарттары жіпті ширату үшін пайдаланылатын материалға байланысты болады.
Сақиналар жиынтығы барлық макроклиматтық аудандарда пайдалану үшін арналған.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай нормативтік сілтемелік құжаттар қажет:
ҚР СТ 3201-2018 Толтырма, тоқылған тығыздама сақиналары және нығыздау баусымы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.
ГОСТ 12.4.028-76 ШБ «Лепесток» шаңтұтқышы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 166-89 Штангенциркульдер. Техникалық шарттар.
ГОСТ 427-75 Өлшеуіш металл сызғыштар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 5152-84 Тығыздау тығыздамасы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 6309-93 Мақта-мата және синтетикалық тігін жіптер. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7502-98 Өлшеуіш металл рулеткалар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10354-82 Полиэтилен үлдір. Техникалық шарттар.
ГОСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау