Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін акредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 11-1-4/719 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 20 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 19 января 2025
Дата последнего измененияпятница, 20 декабря 2024

 «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін акредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 11-1-4/719 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін акредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13781 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Коммуникация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом