Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 290 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;
2) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 290 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 шілдедегі
№ 785 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология,