Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13322 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;