«COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 405 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 412 бұйрығы
Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 405 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы (С.Қ. Ақшолақов) Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаментімен келісім бойынша басқа республикалық медициналық ұйымдардан ауыстырылатын хирургиялық патологиясы бар пациенттерге резервтік төсектерді ұйымдастырсын.»
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | Л. Ақтаева |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 412 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау