Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 633 бұйрығы
(2023.03.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.09.06. № 571 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.18.05. № 520 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) заттай нормалары өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 633 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің
заттай нормалары
| № | Таралу саласы, лауазымның атауы | Жабдықтаудың атауы | Саны | Өлшем бірлігі | Қызмет ету мерзімі/пайдаланылу мерзімі | Техникалық сипаттамасы | Ескертпе | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |