Введите номер документа
Прайс-лист

«Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы (2025.15.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 8 июля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 8 ноября 2015
Дата последнего измененияпятница, 15 августа 2025

Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы

(2025.15.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.30.07. № 232 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.14.07. № 260 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.30.07. № 232 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом