Құрманғазы ауданының салық салу объектісінің елді мекендерде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 243 Қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданының салық салу объектісінің елді мекендерде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм.) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы