Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 27 шілдедегi № 19/3 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/4 шешімімен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6840 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2022 жылғы 27 шілдедегі
№ 19/3 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 50/4 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының
тізбесі
| р/с № | Қатынастар |
| Аққайың ауданы |
| Ауылдық қатынас |
| 1. | Смирнов ауылы: «автостанция - № 3 орта мектеп - темiржол вокзалы - № 2 орта мектеп - «Балапан» балабақшасы - аудандық орталық аурухана - автостанция» қатынасы |
| Ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынас |
| 2. | Смирнов ауылы - Петропавл қаласы (Лесное ауылы арқылы) |
| 3. | Григорьевка ауылы - Петропавл қаласы |
| 4. | Новороссийское ауылы - Петропавл қаласы |
| 5. | Ивановка ауылы - Петропавл қаласы |
| 6. | Қиялы ауылы - Петропавл қаласы |
| 7. | Камышлово ауылы - Петропавл қаласы |
| Ақжар ауданы |
| Ауданішілік қатынас |
| 8. | Ақсары ауылы - Талшық ауылы (Үлгілі ауылы, Тұғыржап ауылы елді мекендерін қамтумен) |
| 9. | Горьковское ауылы - Талшық ауылы |
| 10. | Алқатерек ауылы - Талшық ауылы |
| 11. | Айсаринское ауылы - Талшық ауылы |
| 12. | Кеңащы ауылы - Талшық ауылы |