Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 470-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 470-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Нысан
Кімге __________________________,