Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | С. Омаров |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/144 бұйрығымен бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер