Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 90-н/қ бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 183-1-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы | А. Сәтқалиев |
Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігі төрағасының
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 90-н/қ бұйрығымен
бекітілген