Шахтинск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 383/16 шешімі
(2025.14.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025.28.05. № 421/19 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 436/21 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес Шахтинск қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025.30.02. № 397/17 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.05. № 421/19 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 436/21 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 11 712 184 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 831 380 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 87 532 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 56 540 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 8 736 732 мың теңге;
2) шығындар - 12 793 434 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 65 500 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 65 500 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - -1 146 750 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 1 146 750 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 1 146 750 мың теңге.