Қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау және олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 199 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 наурыздағы № 78 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау және олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау және олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің әдістемелік ұсынымдары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау және олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің ұйымдастырушылық іс-шараларының жоспар-кестесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Е. Манатаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 199 бұйрығына
1-қосымша
Қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау және
олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша
жұмыс тобының құрамы
| Руслан Ерғалиұлы МАНАТАЕВ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жұмыс тобының жетекшісі |
| Ержан Досанұлы ТӨЛЕУТАЕВ | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры |