Аккредиттеу картасын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 407-НҚ бұйрығы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Аккредиттеу картасын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 407-НҚ бұйрыққа
қосымша
Аккредиттеу картасын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аккредиттеу картасын беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталарыy беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: