Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 қазандағы № 26-2 шешімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30-6 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5008 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджет мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 32 211 136 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 021 417 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 209 298 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 469 437 мың теңге;
трансферттер түсімі - 9 510 984 мың теңге;
2) шығындар - 33 364 271 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 10 255 817 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 255 817 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11 408 952 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11 408 952 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 255 817 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1 375 221 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 528 356 мың теңге.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: