2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 шешімі
(2018.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30-6 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018.30.03. № 20-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.15.06. № 23-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.12.09. № 25-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.24.10. № 26-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.14.12. № 27-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджет мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 32 409 366 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 101 417 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 209 298 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 707 779 мың теңге;
трансферттер түсімі - 9 390 872 мың теңге;
2) шығындар - 33 562 501 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 406 444 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 6 406 444 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -7 559 579 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 559 579 мың теңге:
қарыздар түсімі - 6 406 444 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1 375 221 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 528 356 мың теңге.