Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 695 бұйрығына 9-қосымша
























Нысанға қосымша
Салық есептілігін жасауға арналған түсіндірме «Жеке табыс салығы бойынша декларация
(220.00 нысан)»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуге арналған «Жеке табыс салығы бойынша декларация» (бұдан әрі - декларация) салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды.
Декларацияны Салық кодексінің 392 және 393-баптарына және ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, Салық кодексінің 363-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Салық кодексінің 392 және 393-баптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар-дара кәсіпкерлер жасайды, сондай-ақ Салық кодексінің 15-тарауына сәйкес бейрезидент-жеке тұлғалар да қатыса алады.
Дара кәсіпкердің кірісі бойынша мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң аумағында қызметті жүзеге асыру мәлімделсе, жеке табыс салығы тиісінше жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне төленуге жатады.
2. Декларация декларацияның өзінен (220.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (220.01-ден 220.10-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.