Введите номер документа
Прайс-лист

«Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 26 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего измененияпятница, 26 декабря 2025

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 Қаулысы

 

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-1-бабының 2-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына қойылатын талаптар;

1-тармақтың 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) Сақтандыру міндеттемелерін бағалауды автоматтандыруға қойылатын талаптар;

3) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне қойылатын талаптар;

4) Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесін келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом