Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру және олардың жұмысына процестік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы
(2025.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.13.06. № 480 бұйрығымен (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2025.24.01. № 57 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу органдарын ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2025.24.01. № 57 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру және олардың жұмысына процестік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.