Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІІ сессиясының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 459 шешiмi
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1601 рет санымен тіркелген, 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 152-153 санында және 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 152-153 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 724 270 510,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 493 200 524,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 407 504 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 420 259 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 213 242 223 мың теңге;
2) шығындар - 853 691 224,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 21 504 287 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 24 470 504 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 24 917 003 мың теңге;
5) бюджеттік дефицит - -175 395 505 мың теңге;
6) бюджет дефицитін қаржыландыру - 175 395 505 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 7 596 688 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Қорғаныс шығындары 5 002 552 мың теңге сомасында бекітілсін.»;