Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LVIІI сессиясының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 шешiмi
(2020.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясының 2020.18.03. № 428 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІ сессиясының 2020.02.04. № 440 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІІ сессиясының 2020.10.06. № 459 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІV сессиясының 2020.16.07. № 466 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXV сессиясының 2020.21.08. № 468 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXVIII сессиясының 2020.09.10. № 490 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LXXI сессиясының 2020.20.11. № 511 шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 783 562 551,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 556 310 122,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 8 800 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 806 071 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 208 646 358 мың теңге;
2) шығындар - 867 847 005,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 19 504 287 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 41 110 033 мың теңге, оның ішінде: