Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 260 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 291-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін бекіту туралы.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. | С. Брекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрілігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
вице-министрі
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 260 бұйрығымен
бекітілген