«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 Қаулысы
(2023.29.07. берілген өзгерістермен)
Осы қаулыға толықтыру енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 613 Қаулысын қараңыз (қызмет бабында пайдалану үшін)
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 273 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер