2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 шешімі
(2019.25.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019.22.02. № 24/298 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.26.04. № 26/315 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.05.07. № 29/343 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.25.10. № 31/365 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 156 940 524,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 71 895 543,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 598 372,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 35 926,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері -75 410 682,3 мың теңге;
2) шығындар -155 969 058,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 141 230,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 425 391,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 284 160,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 279 532,9 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 381 957,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 102 424,1мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 550 702,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 550 702,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 5 925 391,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 562 789,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 86 695,5 мың теңге.