Введите номер документа
Прайс-лист

«Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 27 мая 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2021
Дата последнего изменениячетверг, 27 мая 2021

Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368-НҚ бұйрығы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидалары;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18011 болып тіркелген);

2) «Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 920 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18062 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі

 

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция министрінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом