ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.13.01. № 33 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
4-қосымша
«Тауар таңбасын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Әділет министрінің 2018.20.02. № 238 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілетін, Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тауар таңбаларын тіркеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.