«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 98-бабының 4-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 100-бабының 1-тармағына, 101-бабының 1-тармағына, 102-бабының 1-тармағына, 166-бабының 2-тармағына, 461-бабының 2-тармағына, 490-бабының 1-тармағына, 497-бабының 1-тармағына, 504-бабының 1-тармағына, 511-бабының 1-тармағына, 518-бабының 1-тармағына және 525-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз етуді төлеу бойынша қабылдау туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өз тауарларын сақтау қоймалар, үй-жайлар және ашық алаңдар иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес еркін қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштер нысандары бекітілсін.