Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 356 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі - тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауардың шығу тегі туралы «CT-KZ» нысанындағы сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 8 маусымдағы
№ 356 қаулысына
қосымша
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар
тізбесі
| Р/с № | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ТЖК ҚКБНН |
| 1 | 2 | 3 | 4 |