Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 Қаулысы
(2022.06.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бап 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бап 2-тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7107 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл ауданының әкімі | А. Каиржанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясымен
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022.15.04. № А-4/90 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2022 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 7 шілдедегі
№ А-7/194 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1 | Ақкөл қаласы | Луганская көшесі, 6, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд. |