Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы (2025.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 15 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 24 января 2016
Дата последнего измененияпонедельник, 17 февраля 2025

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы

(2025.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.13.02. № 4-НҚ нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары бекітілсін.

2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Жаңбыршин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом