Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАРУАШЫЛЫҚІШІЛІК ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛА...

Информация о документе
Датасреда, 20 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 20 апреля 2022

Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

Е. Карашукеев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2022 жылғы 20 сәуірдегі

№ 119 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом