Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 317 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.