Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 357 Қаулысы
(2024.13.10. берілген өзгерістермен)
Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024.27.09. № 230 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабының 1 - тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. «Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 528 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-18-178 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024.27.09. № 230 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)