«Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 342 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 303 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29087 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.