Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысы
Осы редакция 2026 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 29-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының штат санының лимиті бекiтiлсiн.
2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Әкімдерге штат кестелерін бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:
1) жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз етіп, жергiлiктi бюджеттердегі қаражат шегiнде және осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штат кестелерiн бекiтсiн;