«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының 2021 жылғы 29 қаңдардағы № 25 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13 және 15-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұйрыққа 13-қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Б. Бақтыгереев |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Аппарат басшысының
2021 жылғы 29 қаңдардағы
№ 25 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Аппарат басшысының м.а.
2019 жылғы 14 тамыздағы
№ 146 бұйрығына 13-қосымша