Введите номер документа
Прайс-лист

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 Қаулысы (2023.27.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 20 декабря 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 20 декабря 2019
Дата последнего изменениясреда, 27 декабря 2023

 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 Қаулысы

(2023.27.12. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

2. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Склярдың «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 955 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом