«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 41 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) әкімші (бұдан әрі – Әкімші) – құжаттарды қабылдауды және үміткерлерді іріктеу жөніндегі Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – ТСК) және Қорытынды комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы;
5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Хабарламада оқыту бөлігіндегі шарттардың/келісімдердің талаптары, үміткерлерді іріктеуге, білімге қойылатын талаптар, іріктеу процесі мен үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарының сипаттамасы, құжаттар тізбесі, Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт жасасу қажеттілігі, осы Қағидаларға сәйкес академиялық оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру, оқуды қаржыландыру, шетелдік әріптестің қалауы бойынша ақпарат, сондай-ақ елеулі мәні бар өзге де қажетті жағдайлар туралы ақпарат болуы тиіс.
7. Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу шарттары: