Қарағанды облысы Абай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 14/01 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Қарағанды облысы Абай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыдан шығатын басқа да шаралар қабылдансын.
3. Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 03 қаңтардағы «Абай ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» № 01/03 қаулысының 1 тармағы 1) тармақшасының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
| Абай ауданының әкімі | С. Оспанов |
Абай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 12 наурыздағы
№ 14/01 қаулысына қосымша
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қарағанды облысы Абай қаласы әкімінің аппараты» (бұдан әрі - қала әкімнің аппараты) қала әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Қала әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қала әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.