Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 181/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарының 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Комиссия мүшелерінің дауыс беру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Комиссиясының жұмыс органы болып Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті айқындалсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.