«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 790 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 19, 105-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің білім беру ұйымдарында магистратураға (Қазақстан-Фин ғылыми-педагогикалық магистратурасына) қабылдау
| Атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
| 2018 жылғы 4 айға | 2019 жылғы 8 айға |
| Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) | 20 | 947,25 | 2361,2 |
| Барлығы | 20 | | |
»
деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді