Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 Қаулысы
(2018.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес
3) «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 10-қосымшаға сәйкес;