«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 253 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 29/5 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енізілсін:
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: