Қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қазандағы № 481-НҚ бұйрығы
«Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы | К. Искаков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 қазандағы
№ 481-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-1-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсын қалыптастыру тәртібін айқындайды.