Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығы
(2019.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.02.11. № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.11. № 57 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, гидке (гид-аудармашыларға) қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес, туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы.
2. Мыналардың: